Accessibility links

Украина АҚШ әскерінің арсеналындағы қару-жарақ пен оқ-дәріні алуы мүмкін


Дүркіндетіп атататын HIMARS реактив зымыран жүйесі. Украина, 4 шілде, 2022 жыл
Дүркіндетіп атататын HIMARS реактив зымыран жүйесі. Украина, 4 шілде, 2022 жыл

Америка Құрама Штаттары Украинаға кезекті әскери көмегін ұсынды. Бұл жолғы көмек 300 миллион доллар деп бағаланған. Мұны сейсенбіде хабарлаған АҚШ өкілдерінің ақпаратына қарағанда, негізінен Украинаның қарымта шабуылына керек қару түрлері мен оқ-дәрі беріледі. Бұл жөніндегі ресми хабар сәрсенбіде шығуы мүмкін.

Украина әскері HIMARS жүйесінің басқарылатын зымырандарына, гаубицаларға, мина атқыштарға, танкіге қарсы граната атқыштарға керек снарядтар алады. Көмек ретінде алғаш рет қарсыластың адам күштері мен техникасын жоюға арналған Hydra авиация зымыраны беріледі. Америка әскерінің арсеналында тұрған бұл қару-жарақ пен мен оқ-дәрі Украинаға таяуда жеткізілуі мүмкін. Украинаға сонымен бірге жүк көліктері, сүйрегіштер мен қосалқы бөлшектер және өзге де құрал-жабдық беріледі.

Air Force Times басылымының жазуына қарағанда, бұл – АҚШ ұсынған әскери көмектің 37-пакеті. АҚШ-тың Украинаға берген көмегінің жалпы көлемі бүгінде 36 миллиард долларға таяп қалған.

XS
SM
MD
LG