Accessibility links

Путиннің баспасөз қызметі Украина Кремльге дронмен шабуылдамақ болды деп мәлімдеді


Ресей Украинаны Кремльге шабуыл жасады деп айыптады. Киев "қатысымыз жоқ" деді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:27 0:00

Украинаның екі дроны 3 мамырға қараған түні Ресей президенті Владимир Путиннің Кремльдегі резиденциясына шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Кремльшіл "РИА Новости" агенттігі "екі дрон аппараты Кремльге бағытталғанын" жазды.

"Дрондарды әскерилер мен арнайы қызмет атып түсірді, зардап шеккендер жоқ. Путиннің жұмыс кестесі өзгерген жоқ" дейді агенттік.

"Соседи. Якинманка-Замоскворечье" телеграм-арнасы Кремльге жақын маңдағы Серфимович көшесіндегі тұрғындар күн күркірегендей дауыс естіп, аспанда жарқ еткен сәтті көргенін жазды.

Интернетте тараған видеоларда Кремль маңында будақтаған түтін байқалады. Ресейлік агенттіктердің жазуынша, Кремль бұл оқиғаны "террорлық әрекет және президентке қастандық" деп бағалап, оған жауап қайтаруы мүмкін екенін айтқан.

Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Ресей тарабының дрон шабуылы жайлы мәлімдемесін жоққа шығарып, Украинаның Кремльге шабуыл жасау ниеті болмағанын айтты. Ол ВВС сайтына Киевтің мақсаты Мәскеу емес, оккупацияланған аумақтарын босату деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG