Accessibility links

Ростов және Краснодар облыстарында дрондар шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауыттарында өрт болды


Мұнай өңдеу зауыты.
Мұнай өңдеу зауыты.

Ресейдің Краснодар және Ростов облыстарында дрондар шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауыттарында өрт болды. Бұл жөнінде жергілікті билік хабарлады.

Ростов облысының губернаторы Василий Голубевтің айтуынша, 4 мамырға қараған түні дрон мұнай өнімдерін шығаратын Новошахтинск зауытының конструкциясына соғылған. Одан кейін жарылған. Нысаннан шыққан өрт бірден сөндірілген.

"Бүгін түнде Красносулинск ауданына қарасты Киселев ауылындағы мұнай өнімдерін шығаратын Новошахтинск зауытында салынып жатқан цехаралық конструкцияға ұшқышсыз әуе аппараты соғылып, жарылды. Салдарынан туындаған өрт бірден сөндірілді" деп жазды губернатор.

Оның айтуынша, ешкім зардап шекпеген. Новошахтинск мұнай өңдеу зауыты – Ресейдің оңтүстігіндегі ірі мұнай өңдеу зауыты.

Ал Краснодар өлкесінің Север ауданында да дрондар шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауытында қойма өртенген.

Baza телеграм-арнасының хабарлауынша, өрт түнде сағат 2.40-та басталған. Оған не себеп болғаны түсіндірілмеді. Куәгерлер өрт басталмай тұрып үш жарылыс дыбысын естігенін айтты. Кейін өлке губернаторы Вениамин Кондратьев телеграм-арнасында өрт болғанын растады. Ол өртті сөндіруге 167 адам, 37 техника жұмылдырылғанын айтты.

XS
SM
MD
LG