Accessibility links

"Хроники": Ресей кәсіпкерлері мен спортшыларының бірқатары Қырғызстан азаматтығын алған


2021 жылдан 2023 жылдың мамырына дейін 352 Ресей азаматы Қырғызстан азаматтығын алған деп жазады "Хроники". Бұл жоба қырғыз президентінің ашық жарияланған жарлықтарын зерттеген.

Зерттеуге қарағанда, "Единая Россия" партиясы атынан дума депутаты болып отырған Юрий Петровтың отбасы түгелімен былтыр желтоқсан айында Қырғызстан азаматтығын алған. Петров бұрын "Роснефть" директорлар кеңесінің құрамында болған.

Петербургтің оңтүстік округінен муниципалитет депутаты болған Роман Мойсеев, Сергей Кондауров, Петербургтің вице-губернаторы Игорь Метельскийдің күйеубаласы Владимир Ревенков, TecForce IT-компаниясының басшылары Владимир Макаров, Станислав Соколов, кәсіпкерлер Андрей Белошицкий, Валерии Райц, самбодан екі дүркін әлем чемпионы Дмитрий Заболотный және WBPF бодибилдингіден әлем чемпионы Руслан Халецкийлер де қырғыз азаматтығын алған.

Ресейлік кәсіпкерлер мен спортшылардың бірқатары Қырғызстан азаматтығын алғанын наурыздың аяғында The Moscow Times басылымы жазған.

Transparency International ұйымының өкілі Илья Шуманов Азаттыққа берген сұхбатында, "орыс элитасы Қырғызстанды дүниежүзіне шығу үшін құқықтық жол" ретінде пайдаланып отыр деген.

"[Ресей элитасы] Қырғызстанды екінші төлқұжат алуға көмектесетін юрисдикция ретінде таңдаған болуы мүмкін. Сәйкесінше, екінші паспорт іс жүзінде саяхаттауға, бизнеспен айналысуға шектеуді алып тастайды. Бұған қоса, заңға қайшылықты жойып, кез келген адамның өмірін жеңілдетеді" деді Илья Шуманов.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG