Accessibility links

CNN: Ресей әскері HIMARS ракеталарына электронды тосқауылдармен бөгет жасап жатыр


Дүркіндете ататын HIMARS жүйесі. Украина қарулы күштерінің суреті.
Дүркіндете ататын HIMARS жүйесі. Украина қарулы күштерінің суреті.

Кейінгі айларда Украинадағы Ресей әскері дүркіндете ататын америкалық HIMARS жүйесін бұғаттау амалын тауып, жүйенің жұмысына кедергі жасай бастаған. CNN сөйлескен мамандардың айтуынша, Ресей әскері HIMARS'ті нысанаға бағыттауға кедергі келтіретін радиотосқауылды пайдаланған.

Украинаның әскери мамандары АҚШ-тың көмегімен орыс әскерінің нысандарына дәл соққы жасаудың балама жолдарын жасап шығарған.

CNN телеарнасының хабарлауынша, "мәселе мысық-тышқан ойыны", "ресейлік тосқауылмен күрес" жөнінде болып отыр. Пентагон өкілінің айтуынша, украин жағы тосқауылды айналып өтудің жолын тапты деген кезде Ресей армиясы жаңа кедергі ойлап табады.

"Ұзақмерзімді кезең тұрғысынан алғанда біздің әрекетіміз қаншалықты тиімді болатынын айту қиын" деді телеарнаға Пентагон өкілі.

Украинадағы соғыста электронды тосқауылдарды екі жақ та пайдаланып жатыр. Украинаның қарымта шабуылы жақындап келе жатқан тұста HIMARS ракеталарына арқа сүйеу барған сайын маңызды мәселеге айналып барады, деді Пентагонның ресми өкілі.

"Ресей әскерін қазір тұрған жерінде жылжытпай ұстап тұру – бір шаруа. Ал оларды өздері басып алған жерден тықсыру – өзге бір шаруа. Былтыр қарсы жақ өздерінің позициясын нығайта алды" деді CNN телеарнасына отставкадағы бригада генералы Стивен Андерсон.

XS
SM
MD
LG