Accessibility links

Мәжіліс заңнамаға самокаттардың қозғалысын шектейтін түзету енгізуді мақұлдады


Маска таққан ер адам тротуарда самокатпен кетіп барады. Алматы, сәуір, 2020 жыл.
Маска таққан ер адам тротуарда самокатпен кетіп барады. Алматы, сәуір, 2020 жыл.

10 мамырда мәжіліс заңнамаға самокаттардың қозғалысын шектейтін түзету енгізуді мақұлдады. Түзетуге сәйкес, электр самокат айдау үшін жалпы категориядағы жүргізуші куәлігі қажет болады. Бұған қоса, оны тек 18 жасқа толған адам жолдың оң жағында айдай алады. Велосипед жолында олардың жылдамдығына шектеу болмаса, тротуарда жүретіндер жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмауға тиіс.

Сәрсенбідегі мәжіліс отырысы кезінде түзетулерді таныстырған мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева электр самокат сағатына 25 шақырымға дейін жүретін көлік құралы деп танылатынын айтты.

– Электр самокаттар велосипед жолы мен жолдың жиегінде шектеусіз жүре алады. Тротуарда жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмауы керек. Бұл – көліктің жаңа түрін айдаушылар мен жаяу жүргіншілерге ортақ тиімді шешім. Шектеуді бақылау қиын болса да, мұндай жылдамдық жаяу жүргіншілердің жалпы жылдамдығына тең және оны көзбен анықтауға болады, – деді депутат.

Жолдың оң жағында жүретін самокат айдаушыларға жолда жүру ережесі бойынша қосымша талаптар қойылмақ. Бұға қоса, электр самокатпен жүк немесе жолаушы тасымалдауға тыйым салынады. Олар жаяу жүргіншілер жолы мен жолайрықтардан көлігінен түсіп өтуге тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG