Accessibility links

Қырғызстан мен Қытай шекарасында үшінші бақылау-өткізу бекеті ашылуы мүмкін


Қырғыз-қытай шекарасында тағы бір бақылау-өткізу бекеті ашылуы мүмкін. Ақпаратқа қарағанда, қырғыз үкіметі басшысының орынбасары Бақыт Торобаев пен Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэнь "Бедел" бақылау-өткізу бекетін ашу мәселелерін талқылаған.

Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі шекарадағы жаңа бекет туралы ештеңе хабарламады. Алайда бұл бекеттің Ыстықкөл облысындағы Бедел асуында орналасатыны мәлім. Бедел асуы арқылы Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданына өтуге болады.

Қазір қырғыз-қытай шекарасында екі бақылау-өткізу бекеті жұмыс істеп тұр – "Торугарт-автожол" мен "Иркештам-автожол".

Ресми мәліметке қарағанда, Торобаев пен Дэвэнь Ыстықкөл облысындағы Сарыжаз өзенінде су электр станциясын салу мәселесін де талқылаған.

Жогорку кеңештің 3 мамырдағы отырысында Қырғызстан сыртқы істер министрі Жиенбек Кулубаев Қырғызстан Қытаймен визасыз режим мерзімін ұзарту мәселесін талқылап жатыр деп мәлімдеген. Көрші Қазақстан жақында Қытаймен осындай келісімге қол қояды деп жоспарланған.

Кей сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылған Қытай сыртқы саясаттағы "Бір белдеу – бір жол" бастамасының көмегімен өзінің Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен шекаралас Шыңжаң провинциясындағы жағдайды реттеуге тырысып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG