Ресей 2 жойғыш ұшақ және 2 әскери тікұшағынан айырылған болуы мүмкін.
Ақпарат құралдары мен телеграм-арналарының хабарлауынша, олар (екі Ми-8 тікұшағы және Су-34 пен Су-35 истрабительдері) сенбі күні таңертең Брянск облысында атып түсірілген болуы мүмкін. Кей ақпаратқа қарағанда, олар бір авиатоптың құрамында болған.
Ресей билігі сенбі күні кешке Клинцы қаласында Ми-8 тікұшағы құлағанын растады. Ақпаратқа қарағанда, ұшқыштар қаза болған. "База" басылымы екі ұшақ пен екі тікұшақтың экипаж мүшелері – барлығы 9 ұшқыш қаза болғанын жазды.
ТАСС тікұшақ пен Су-34 ұшағының құлағанын растады. Ми-8 бен Су-35 ұшағының құлағанын көптеген ресейлік телеграм-арналары мен ақпарат құралдары, оның ішінде "Коммерсантъ" жазды.
"Коммерсант" мәліметінше, истребительдер Украинаның Чернигов облысындағы нысандарды ракетамен бомбаламақ болған. Ал тікұшақтар оларды қарсылас жақ атқан жағдайда экипажға көмектесуі тиіс болған. Аэродромға төртеуі де оралмады, деп жазды "Коммерсантъ".
"Базаның" жазуынша, тікұшақ Клинцы қаласының төбесінде ұзақ ұшып, кейін жеке секторға құлаған. Соның нәтижесінде Клинцы қаласының бір тұрғыны күйіп қалған. 5 үй бүлінген. Бұл жөнінде Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз Телеграм-арнасында жазды.
Клинцыда тікұшақтың құлағаны туралы жаңалық шыққаннан кейін Брянск облысында Су-34 ұшағының құлағаны жөнінде хабар тарады.
Тағы бір ұшақ Су-35 истребителі Брянск облысының Стародуб ауданына құлаған деп айтылады.
Екінші Ми-8 тікұшағы Брянск облысының Унечский ауданында құлаған. Оқиға орнына жарғыш техника бара жатыр, тікұшақ миналанған болуы мүмкін, деп жазды "База" сенбі күні.
- Бір болжамға қарағанда, ресейлік авиатопқа әуеден шабуыл жасалған болуы мүмкін. Ресейліктер осылайша қоршауда қалған болуы мүмкін. Тағы бір болжам бойынша, ұшақтар мен тікұшақтарды Ресей аумағынан диверсанттар атып түсіруі мүмкін. Сенбі күні аумақта "Перехват" жоспары енгізілгені хабарланды. Ресми түрде бұл ақпараттар расталмады. Билік Ми-8 тікұшақтарының құлауына не себеп болғанын ресми түрде түсіндірмеді.