Accessibility links

Eurovision-2023 байқауында швед әншісі Лорин жеңіске жетті


Әнші Лорин.
Әнші Лорин.

13 мамыр күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен Eurovision-2023 байқауында Tattoo әнін шырқаған швед әншісі Лорин жеңімпаз атанды. Қазылардан көп ұпай алған ол көрерменнің дауыс беруінен кейін де басымдығын сақтап қалды. Лорин 2012 жылы да Eurovision байқауында жеңіске жеткен.

Екінші орынды Cha Cha Cha әнін орындаған фин рэпері Кәрия жеңіп алды. Ол 526 ұпайға ие болды. Үшінші орынды Unicorn әнімен израиль әншісі Ноа Кирель иеленді.

Бұл жолы Eurovision Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтті. Былтыр Италияда өткен байқауда украиналық Kalush Orchestra тобы жеңімпаз атанған. Ереже бойынша, байқау жеңімпаз атанған елде өтуге тиіс, алайда соғысқа байланысты биылғы байқау Украинада ұйымдастырылмады. Байқауға қатысушылардың көбі Украинаға қолдау білдірді.

  • Украинадан келген TVORCHI тобы байқауға Heart of Steel әнімен қатысты. Байқаудың ережесі бойынша, алдыңғы жылғы жеңімпаз үлкен бестікпен (Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания, Франция) бірге бірден финалда өнер көрсетеді.
  • Ағылшын ханзадасы Уильямның жұбайы, Уэльс принцессасы Кэтрин былтырғы жеңімпаз Kalush Orchestra тобының биылғы байқауға арнап түсірген музыкалық видеосында фортепианода ойнады.
  • Лорин Eurovision тарихында екі рет жеңіске жеткен алғашқы әйел атанып отыр. Бұған дейін байқауда ирландиялық Джонни Логан екі рет жеңімпаз болған еді. Швеция жеңіс саны (жеті жеңіс) жөнінен рекордшы Ирландиямен теңесті.
  • Ресей мен Беларусь Eurovision байқауына қатыспайды. Беларусь 2021 жылы ережені бұзып, сайысқа саяси мазмұндағы ән ұсынғаны үшін, Ресей былтыр Украинаға соғыс бастағаннан кейін шеттетілді.
XS
SM
MD
LG