Accessibility links

CNN: "Пэтриот" зақымданған болуы мүмкін, бірақ жойылған жоқ


Варшава әуежайында әскери жатығуда жүрген "Пэтриот" жүйесі. Польша, 7 ақпан, 2023 жыл
Варшава әуежайында әскери жатығуда жүрген "Пэтриот" жүйесі. Польша, 7 ақпан, 2023 жыл

АҚШ билігі сейсенбі күні Ресей Киевті зымыранмен атқылағаннан кейін Американың "Пэтриот" әуе қорғанысы жүйесіне қаншалық зақым келуі мүмкін екенін бағалады.

Джо Байден әкімшілігінің аты-жөнін аталмаған өкілі CNN телеарнасына айтқан сөзінде "Пэтриот" жүйесі зақымданған болуы мүмкін, бірақ жойылған жоқ деген.

CNN хабарына қарағанда, қазір Украинада екі "Пэтриот" жүйесі бар. Біреуін АҚШ берген, екіншісін Германия мен Нидерланды берген. Оның қайсысы зақымданғаны белгісіз.

Сейсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы "Пэтриоттардың" бірі жойылғанын хабарлаған. Украина қарулы күштері Ресей жіберген дрондар мен зымырандардың бәрін, оның ішінде алты "Кинжалды" да әуе қорғанысы жүйесімен атып түсіргенін мәлімдеген, алайда "Пэтриот" жүйесі жойылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.

Сейсенбі күні кешкісін New York Times газеті АҚШ-тың ресми тұлғаларына сілтей отырып, "Пэтриот" зақымданғанымен, ұрысқа толығымен жарап тұр деп хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG