Accessibility links

Оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды


Жасарал Қуанышәлин.
Жасарал Қуанышәлин.

Алматыда қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Ол жақында ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Саясаткер қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады. Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан.

Белсендінің айтуынша, 18 мамырда түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер "жасанды тыныс аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған".

16 мамырда Жасарал Қуанышәлин аурухананың реанимация бөліміне түскен еді.

Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG