Accessibility links

Ресейлік сайтта Қырғызстан төлқұжаты ашық жарнамаланып, сатылып жатқаны хабарланды


Жогорку кеңеш депутаты Гуля Кожокулова Ресейдің Avito.ru сайтында Қырғызстан төлқұжаты ашық жарнамаланып, сатылып жатқанын мәлімдеді.

Халық депутаты бұл мәселені 18 мамырда көтеріп, ұлттық қауіпсіздік комитетінен шара қолдануды талап етті.

– Бұл – нонсенс. Қырғыз азаматтығы еркін сатылып жатыр. Біздің арнайы қызмет қайда қарап отыр? Цифрлық даму министрлігі қайда қарап отыр? Біздің төлқұжат кез келген жерде сатылып жатыр, – деді Кожокулова.

Ресейдің Avito.ru сайтында қырғыз азаматтығын сатып алу құны 120 мың рубльден 270 мың рубльге дейін деп көрсетілген. Онда қырғыз тілін білу шарт емес және ресейлік төлқұжаттан да бас тарту міндетті емес деп жазылған. Жарнамада Қырғызстан азаматтығын алу арқылы банктерден шот ашуға және АҚШ пен Еуропаға виза алуға болады делінген.

Ресей Украинаға соғыс ашып, Батыс елдері санкция салғаннан кейін қырғыз азаматтығын алуға ұмтылған ресейліктер саны артқан. 2022 жылы қырғыз президентінің жарлығымен Ресейдің ондаған жоғары лауазымды шенеунігі мен кәсіпкері азаматтық алған.

XS
SM
MD
LG