Accessibility links

Дереккөз: Владимир Зеленский G7 саммитіне қатысу үшін Жапонияға барады


Владимир Зеленский.
Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский "Үлкен жетілік" елдері саммитіне қатысу үшін Хиросима қаласына барады. Бұл туралы Kyodo агенттігі, сонымен бірге The New York Times, The Washington Post және CNN Жапония үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Reuters агенттігі болса мұндай мәліметті Еуроодақтағы дереккөзге сүйене отырып таратты.

Киев әзірге мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Зеленский кеңсесі президенттің сапарлауы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ "бәрі ұрыс алаңындағы жағдайға байланысты" болатынын ескертті.

Bloomberg мәліметінше, Зеленский Араб елдері лигасының Сауд Арабиясында өтетін саммитіне қатысқан соң, АҚШ әуе күштерінің әскери ұшағымен Жапонияға жетеді. Жақында Украина президенті Италия, Германия, Франция және Ұлыбритания елдерін аралап, Киевке қару-жарақтың жаңа партиясын жеткізуге келіскен.

Зеленскийді Хиросимадағы саммитке Жапония премьер-министрі Фумио Кисида биыл наурызда Киевке барған уақытта шақырған. Жақында ғана Кисида Украина президенті саммитке онлайн қатысады деген. Жапония сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Зеленский саммиттің жексенбідегі отырысына видеобайланыс көмегімен қосылады.

Украинадағы соғыс және Киевке Ресей басшылығына төтеп беруге көмектесу – дамыған жеті мемлекет басшысының кездесуінде талқыланатын мәселелердің бірі. Үш күндік саммит 19 мамырда Хиросима қаласында басталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG