Accessibility links

"Үлкен жетілік" Қытайды Мәскеуге қысым жасауға шақырады


"Үлкен жетілік" елдерінің саммиті.
"Үлкен жетілік" елдерінің саммиті.

"Үлкен жетілік" елдері Қытайды Мәскеуге басқыншылығын доғарып, Украина жерінен кету бойынша қысым жасауға шақырады.

20 мамырда таратылған коммюникеде Хиросимаға жиналған G7 елдерінің басшылары Қытайды "территориялық тұтастық пен БҰҰ жарғысына негізделген принциптерге негізделген әділ әрі тұрақты әлемді қолдауға шақырған".

Бірнеше сағат бұрын осы саммитке қатысу үшін Украина президенті Владимир Зеленский Жапонияға француз ұшағымен ұшып келген.

Зеленский 20 мамырда "Үлкен жетілік" елдерімен өзара келіссөз жүргізіп, 21 мамырда саммит сессиясына қатысады. Ол сонымен бірге Үндістан және Бразилия басшыларымен де кездеседі. Аталған екі ел Ресей басқыншылығын айыптаған халықаралық қауымдастық үндеуіне қосылмаған.

"Үлкен жетілік" елдері хабарламасында аталған одақ Пекинмен "конструктивті және тұрақты қатынас орнату" амалын іздейді деп жазылған.

"Үлкен жетілік" елдері Пекинді Тайваньмен қатынаста "бейбіт резолюцияны" ұстануға шақырған. Олар сонымен бірге Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізін милитаризациялауы мен Пекиннің ондағы аймақтарды даулауын құптамайтынын айтқан.

Қытай тұтас Оңтүстік Қытай теңізі мен Индонезия, Малайзия және Филиппин "біздің жер" деп отырған аумақтарға бақылау орнатқанын хабарлаған.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдемені "тура әрі ашық жазылған" деп атады.

Тағы бір мәлімдемесінде G7 елдері Иранды Украинаның маңызды инфрақұрылымдарын атқылау үшін пайдаланып отырған дрондармен Ресейді қамтамасыз етпеуге шақырған.

Мәскеу мен Тегеран дәлел-айғақтарға қарамастан Иран Мәскеуге дрон жібергенін жоққа шығарып келеді.

"Үлкен жетілік" елдеріне АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада кіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG