Ресейлік "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының иесі Евгений Пригожин 20 мамырда Украинаның Донецк облысындағы Бахмут қаласын басып алғанын мәлімдеді. Бұл қалада бірнеше ай қызу шайқас жүрген.
Телеграмда жарияланған алтыминуттық роликте Пригожин қаланы 20 мамырда түсте басып алғанын айтады.
"Бахмутты басып алу операциясы 224 күнге созылды" деді "Вагнер" жетекшісі.
Ал Украина қарулы күштері ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, қаладағы "белгілі бір өнеркәсіп және инфрақұрылым нысандары" мен жеке сектор украин әскерінің бақылауында. Дегенмен Маляр қалада жағдай "өте күрделі" екенін айтты. Украина қарулы күштерінің шығыс әскері басқармасының өкілі Сергей Череватый Бахмутта ұрыс жалғасып жатқанын айтты.
Қаланың басым бөлігі орыс әскерінің бақылауына өткеніне біраз уақыт болған. Кейінгі кезде шайқас батыс аудандарда жалғасқан.
Пригожиннің сөзінше, қаланы басып алу операциясы былтыр күзде басталған. Оған тек жалдамалы әскер ғана қатысқан.
Пригожин Ресей армиясының генералы Сергей Суровикинге "ауыр операцияны жүргізуге мүмкіндік бергені үшін" және "отанды қорғау құрметіне ие болғаны үшін" президент Владимир Путинге алғыс айтты. Пригожин өз сөзінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен бас штаб жетекшісі Валерий Герасимовті қатаң сынап, олар соғысты "өздерінің ойын-сауығына айналдырып жіберді" деді. Пригожин оларды бұған дейін де сынаған.
Ресей қорғаныс министрлігі Бахмутқа қатысты хабарлама таратқан жоқ. Ал Ресей аннексиялап алған Қырымның ресейлік басшысы Сергей Аксенов құттықтау жариялады.
Бахмут – Украинаның Донецк облысының аудан орталығы. Батыс елдерінің есебінше, екі жақ та ол жақта орасан зор шығынға ұшыраған. Қала қатты қирап, жермен-жексен болған.
Украина мен батыс сарапшыларының айтуынша, қаланы басып алудың стратегиялық маңызы жоқ. Оның батыс жағында украин армиясының жаңа қорғаныс аумақтары орналасқан.
Кейінгі екі аптада Бахмуттың солтүстігі мен оңтүстігінде украин әскерінің қарымта шабуылы сәтті болған.
Жермен-жексен болған Бахмут: спутниктен түсірілген жаңа суреттер
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
16 мамырда Ресей әскері Бахмуттағы украин жауынгерлері бекінген жерлерге 55 рет соққы берді деп хабарлады Украина қарулы күштерінің бас штабы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
16 мамырда Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр украин жауынгерлері Бахмуттың маңайындағы 20 шаршы шақырымға жуық жерден Ресей әскерін ығыстырғанын, бірақ басқыншылар күші қаланың орталығына қарай жылжи түскенін хабарлады.
"Бахмуттың ішкі жағына ендеп кіруге талпынған дұшпан біраз жерге жылжыды және қаланы артиллериядан атқылап, қиратып жатыр" деп жазды Маляр әлеуметтік желіде.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
"Бахмутты қорғау жалғасып жатыр, кейінгі күндердегі оқиғалар Украина алға қарай жылжи алатынын және Ресей әскеріне қарсы тұра алатынын көрсетті. Әскеріміздің Бахмут бағытында алға жылжуы – қаланы қорғау барысындағы алғашқы сәтті шабуыл операциясы" деп мәлімдеді 15 мамырда Украина армиясының генерал-полковнигі Александр Сырский.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
"Кейінгі күндері алға қарай жылжи алатынымызды және тіпті өте қиын жағдайда отырып та, жаудың көзін жоя алатынымызды дәлелдік. Бахмутты қорғау операциясы жалғасып жатыр. Қорғанысқа қажет барлық шешім қабылданды" деді генерал Сырский.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
"Қалада жермен-жексен болып қираған көппәтерлі тұрғын үйлер, мектептер, дүкендер мен өзге де инфрақұрылым нысандарының бықсыған орны қалған. Ал бір жыл бұрын ғана жасыл желек пен парктері болған қала кварталдары қазір өсімдік атаулыдан түк қалмай, шаң мен қоқыстың астында қалған" деп хабарлады Бахмутты спутниктен суретке түсірген Maxar Technologies компаниясы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Кейінгі айларда Бахмуттағы қиян-кескі шайқас екі жақты да зор шығынға ұшыратты. Әскери сарапшылар Ресей үшін бұл қаланың стратегиялық маңызы бар дегенге күмән келтірсе де, ұрыс әлі жалғасып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады