Accessibility links

Ресей Украинаның Днепропетровск облысына дронмен шабуыл жасап, зымыранмен атқылады


Мамырдың 22-сіне қараған түні Ресей әскері Украинаның Днепропетровск облысына дронмен шабуыл жасап, зымыранмен атқылады. Кемі сегіз адам жараланып, тұрғын үйлер, автомобильдер, құтқару қызметінің ғимараты қираған. Бұл жөнінде Днепропетровск облыстық әскери әкімшілік басшысы Сергей Лысак телеграм-арнасында жазды.

Оның сөзіне қарағанда, Украина қорғаныс күштері 15 дрон мен төрт қанатты зымыранды атып түсірген. "Зеркало недели" басылымы түнде Днепрде кемі 40 жарылыс болғанын хабарлады.

22 мамырда таңертең Украина қорғаныс министрлігінің бас штабы таратқан мәліметке қарағанда, Херсон облысының үстінде Ресейдің Су-35 ұшағы атып түсірілген. Ресей бұл жөнінде ақпарат таратпаған.

  • Былтыр күзде Украина қарулы күштері Харьков үстінен алғаш рет Иранның алысқа ұшатын "Шаһид-136" дронын атып құлатқанын хабарлаған.
  • Ол кезде Иран да, Ресей де бұл ақпаратты мойындамаған. Қараша айында ғана Тегеран соғыс басталмай тұрып Ресейге аздаған дрон бергенін мойындаған. Украина қорғаныс министрлігінің барлау қызметі дрондардың кем дегенде бір механизмі Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жасалған деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG