Accessibility links

Ресейдің Украинамен шектесетін Белгород облысына Орыс еріктілер корпусы мен "Азат Ресей" тобы кірген


Белгород облысындағы шекара пункті. Архив фотосы
Белгород облысындағы шекара пункті. Архив фотосы

"Медиазона" интернет-басылымының Telegram-дағы арнасы Ресейдің Украинамен шекарасындағы Белгород қаласында жарылыс болғанын хабарлады. Федерациялық қауіпсіздік қызметінің облыстық басқармасына баратын жолды күш құрылымдары мен өрт сөндірушілердің техникалары жапқан. Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Белгородтағы жарылыс туралы түсініктеме берген жоқ, бірақ Борисовка кентінің әкімшілік ғимаратына дронмен шабуыл жасалғанын хабарлады.

Би-би-си бірнеше телеграм-арнаның Федерациялық қауіпсіздік қызметі Белгород облыстық басқармасының ғимаратында жарылыс болғаны туралы жазғанына назар аударған.

Дүйсенбіде Ресей билігі Белгород облысына Украинадан диверсиялық-барлау тобы кіргенін, ұрыс жүріп жатқанын, облыс аумағында "террористерге қарсы операция" режимі енгізілгенін хабарлаған. Ресмиден өзге ақпарат жариялауға тыйым салынған.

Дүйсенбіде Ресей мен Украинаның телеграм-арналары мен БАҚ-тарда Ресей-Украина шекарасында – Белгород пен Сумы облыстары тұсында кескілескен ұрыс жүріп жатқанын хабарлаған. Украина жағынан Ресей жеріне бірнеше қарулы топ өткені, жауапкершілікті Орыс еріктілер корпусы мен "Азат Ресей" легионы мойнына алғаны туралы ақпарат тараған.

Орыс еріктілер корпусының жауынгерлері Ресей мен Украина шекарасын үшінші рет кесіп өткенін мәлімдеген. Олар Белгород облысындағы село көрсетілген үш видео жариялаған. Кейінірек жергілікті билік Белгород облысының Грайворон қалалық округіне Украинаның диверсиялық-барлау тобы кіргенін, шекарада ұрыс болып жатқанын хабарлаған.

  • Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де "бұл оқиғаларға Украинаның ешқандай қатысы жоқ, танкілер Ресейдің кез келген дүкенінде сатылады, ал соғысып жатқандар – тек Ресей азаматтары" деп жазған.
  • Дүйсенбіде "Вагнер" жалдамалылар тобының жетекшісі Евгений Пригожин 1 маусымда Бахмутты Ресей қорғаныс министрлігінің әскеріне өткізіп, тылға кететінін мәлімдеген.
  • АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаның Ресей жеріне шабуылын құптамайтынын айтқан, бірақ агрессор Ресей екенін мәлімдеген.
  • Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков "дүрбелең туғызу үшін Белгород облысына ақпараттық шабуыл жасап жатыр" деп Украинаны айыптаған.
  • Украина жағында соғысатын Ресей азаматтарынан құралған еріктілер бөлімшесі – ақ"Азат Ресей" легионы Орыс еріктілер корпусымен бірге Козинка елді мекенін алғанын, Грайворон қаласына алдыңғы жасақтары кіргенін айтқан. "Азат Ресей" легионымен байланысы бар бұрынғы дума депутаты Илья Пономарёв Facebook-те "алдыңғы жасақтар Белгород қаласына сәтімен жылжып келеді" деп жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG