Accessibility links

Батыс Қазақстан облысының соты соғыстан қашқан ресейліктің арызын қанағаттандырмады


Игорь Санджиев.
Игорь Санджиев.

Батыс Қазақстан облысының соты Қазақстанға қашып келген ресейлік Игорь Санджиевтің елден шығару туралы шешімге шағымын қанағаттандырмады.

Мамырдың басында Бөкей ордасы аудандық соты Игорь Санджиевті Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деп танып, оған алты ай шартты жаза белгілеген, сонымен бірге елден шығарып, бес жыл бойы қайта кіргізбеу жөнінде шешім қабылдаған. Сотталушы соттан елден шығарудан басқа жаза қолдануды сұраған.

Ресей азаматы сот үкімінің оны отанына мәжбүрлеп қайтару туралы тұсына келіспейді, себебі елінде оны ұзақ жылға түрмеге қамап қояды деп қауіптенеді. Санджиев пен оның адвокаты соттың жоғары инстанциясына апелляциялық шағым түсіріп, Қазақстаннан шығару жөніндегі шешімнің күшін жоюды сұраған.

Санджиевтің адвокаты Юрий Кобзарев қорғауындағы азамат шекарадан заңсыз өтуге байланысты кінәсін толық мойындайтынын, бірақ ол Қазақстанға босқын мәртебесін алу үшін келгенін айтты. Алайда сот көп ойланбастан Игорь Санджиевтің шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Аудандық сот шешімі өзгеріссіз күшіне енді.

Сот материалдарына қарағанда, 26 наурызда Игорь Санджиев Қазақстан шекарасын заңсыз өткен. Ол Ресейдегі Волгоград қаласында орналасқан әскери бөлімнен қашып шыққан. Санджиев Украинадағы соғысқа барғысы келмеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG