Украинаның Днепр қаласында құтқарушылар 26 мамырда ракета түскен аурухана орнындағы үйіндіні аршып бітті. Іздеу-құтқару жұмысы түні бойы жүрді.
Днепропетровск облысының жетекшісі Сергей Лысактың айтуынша, соққының нәтижесінде екі адам қаза болған. 32 адам жараланған: 13-і ауруханаға жатқызылған, бесеуінің жағдайы ауыр.
Шабуылдың салдарынан 30-дан астам көпқабатты тұрғын үй мен 20-дан астам жеке үй бүлінген.
Облыста қаза болғандарға байланысты қаралы күн жарияланды.