Accessibility links

Финляндия СІМ: Эстонияның төрағалығын Мәскеу мен Минск мақұлдамаса, ЕҚЫҰ дағдарады


Алдағы алты ай ішінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) дағдарыс болуы мүмкін. 2024 жылы ЕҚЫҰ-ға Эстонияның төрағалық етуіне Мәскеу мен Минск келісім бергісі келмейтіндіктен, солай болып отыр. Мұны Финляндия СІМ басшысы Пекка Хаависто айтты деп хабарлайды Yle басылымы.

Министр 2025 жылы Финляндия төрағалық етемін дегенше, ЕҚЫҰ тарап кетуі мүмкін деген қаупін білдірді.

"Егер 2024 жылы төраға болмаса, бұл мәселе бойынша консенсус жасалмаса, онда келер жылы ЕҚЫҰ тарайтын жыл болады" деді Хаависто.

ЕҚЫҰ тәртібі бойынша, кезекпен ауысатын төрағаны ұйымның 57 мүшесі түгел мақұлдауға тиіс. Ал Мәскеу мен Минск келер жылы кезегі келіп отырған Эстонияның кандидатурасын мақұлдағысы келмейді. Таллиннің де бас тарта салайын деген ойы жоқ.

Былтыр қарашада Украина Ресей шығарылғанша ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының отырысына бойкот жариялайтынын мәлімдеген. Бұл кезде Польша ассамблея сессиясына қатысуға келмек болған Ресей делегациясына виза бермей отырған еді. Мәскеу оған ЕҚЫҰ пікірталас кезінде өзіне ыңғайсыз пікірлерді естігісі келмейді деп жауап берген.

ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмид былтыр қарашада келіссөз арнасын сақтау үшін Ресейдің кейбір халықаралық ұйымдарда қала бергені жөн деген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG