Accessibility links

Ресей басқыншылығы басталғалы Украинада 483 бала мерт болған


Соғыста опат болғандарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі.
Соғыста опат болғандарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі.

Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинада 483 бала өліп, 989 бала жараланған. Бұл туралы Украина бас прокуратурасы хабарлады.

Донецк, Харьков және Херсон облыстарында балалар көп зардап шеккен.

"Жәбір көргендер бұдан да көп болуы мүмкін. Кескілескен ұрыс жүріп жатқан, уақытша басып алынған және басқыншылардан азат етілген аудандарда зардап шеккендерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр" деп хабарлады прокуратура.

БҰҰ мәліметінше, 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап 2023 жылғы 8 мамырға дейінгі аралықта Украинада 8791 бейбіт тұрғын опат болған, 14 815 адам жараланған. Олардың басым бөлігі жарылғыш қарулардың құрбаны болған. Ұйым зардап шеккендер әлдеқайда көп болуы мүмкін деп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG