Accessibility links

Ресей әскері Киевке дронмен және ракетамен тағы шабуыл жасады


2 маусымға қараған түні Ресей әскері Киевке тағы да дрондармен және ракеталармен шабуыл жасады. Украина билігінің хабарлауынша, барлық 15 ракета мен 18 дрон атып түсірілген. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Бұл – кейінгі алты күн ішіндегі алтыншы шабуыл.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попконың айтуынша, Украина астанасына жан-жақтан дрондар жіберіліп, бір мезетте қанатты ракеталармен де шабуыл жасалған. Әуе қорғанысы жүйесі Киевте және Киев облысында әуеден 30-дан астам дрон және ракетаны атып түсірген.

Соғыс жағдайында бұл ақпаратты тексеру қиынға соғады.

Жуырда Киевке түнде жасалған ракета соққысынан үш адам қаза болған, біреуі – тоғыз жасар қыз. 14 адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG