Accessibility links

Ресей СІМ Қырғызстандағы мемлекеттік тіл туралы заң жобасына реакция білдірді


Мария Захарова.
Мария Захарова.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қырғызстанда мемлекеттік тіл туралы заң жобасының қабылдануына реакция білдірді.

Захарованың пікірінше, құжат Қырғызстандағы мемлекеттік тілді білмейтін азаматтарға "белгілі бір дәрежеде қиындықтар туғызуы мүмкін". Шенеунік Қырғызстан тіл саясатына келгенде "теңгерімді саясат ұстанады" деп үміттенетінін жеткізген.

"Әріптестеріміз заң жобасы орыс тілін жоюды көздемейді деп сендіруге тырысқан еді. Осыған байланысты Қырғызстан басшылары одақтас қарым-қатынас рухында қырғыз тілін дамытуға да, Конституцияда мәртебесі жазылған орыс тілін қолдауға және насихаттауға бағытталған теңгерімді тіл саясатын жүргізеді деп күтеміз" деді Захарова.

Қырғызстан парламенті 31 мамырда "Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы" заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдаған.

Мемлекеттік тіл туралы заң жобасында қырғыз тілін қолдану аясы нақтыланған. Құжат мемлекеттік органдар мен сот өндірісінде, географиялық атаулар мен білім, ғылым саласында, халықаралық келісімдерді жасаған кезде қырғыз тілін пайдалануды міндеттейді. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, педагогтар, судьялар, прокурорлар және өзге категориядағы азаматтар мемлекеттік тілді білуге тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG