Accessibility links

Пашинян: Украинадағы соғысқа келгенде Армения – Ресейдің одақтасы емес


Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отырған сәт.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отырған сәт.

"Украинадағы соғысқа келгенде Армения – Ресейдің одақтасы емес" деп мәлімдеді Армения премьер-министрі Никол Пашинян чехиялық CNN Prima News телеарнасына берген сұхбатында.

"Біз бұл соғыстан үрейлендік, себебі бұл қақтығыс біздің барлық қарым-қатынасымызға әсер етеді" деген Пашинян сұхбатта.

Армения премьері "Батыс елдері Арменияны Ресейдің одақтасы деп қарайды, ал Мәскеу Ереван Украинадағы соғысты қолдамай отырғанын аңғарады" дейді.

"Бұл біздің соғысқа қатысты пікіріміз жоқ дегенді білдірмейді. Бізде өзіміздің жеке мәселеміз бастан асады, сондықтан басқа мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз болмай тұр" деп мәлімдеді ол.

Пашинян бұған дейін Армения Мәскеумен "экономикалық және стратегиялық терең қарым-қатынасқа қарамастан", Ресейді қолдап, Батыстың санкциясына ілінуді қаламайтынын айтқан еді.

Мамырда Пашинян Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) біріккен әскери жаттығуына қатысу туралы әлі шешім қабылдамады деп мәлімдеген. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова бұл мәлімдемеге қатысты "егер бұл айтқан сөзінің астарында Арменияны ҰҚШҰ-дан шығару туралы мән болса, ол сөзбен ойнау қаншалықты қауіпті екенін түсінуі керек" деген еді. Армения премьері "Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мұндай пікір айтпай, тек назарға алуы керек" деп пікір білдірген.

Пашинян осыған дейін ҰҚШҰ Армения-Әзербайжан қақтығысында нақты ұстанымда болмады деп бірнеше рет сынаған, бірақ Ереван ұйым қатарынан шығады деп айтпаған.

Армения премьер-министрі 9 мамырда Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа барған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG