Accessibility links

Ресейдің Белгород облысының басшылығы шабуылдан екі адам қаза тапқанын айтады


Бейтарап сурет.
Бейтарап сурет.

Ресейдің Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Щебекинск қалалық округі Маслов Пристань елдімекеніне барар жолға шабуылдан екі әйел қаза тауып, екі адам жараланғанын айтады. Ол жолды Украина қарулы күштері атқылады деп отыр.

Бұған дейін Украинамен шектесетін Белгород, Брянск, Курск облыстарының биліктері түнде және таңертең дрондармен шабуыл жасалғанын айтқан. Беларусьпен шектесетін Смоленск облысының басшысы да телеграмда шабуыл болғанын жазды.

"База" телеграм каналы камикадзе дрондары мүнай өңдейтін және газ тарататын станциясын зақымдағанын жазды.

Курс облысының басшысы Роман Старовойт ракетаға қарсы құрылғылар бірнеше дронды атып түсіргенін айтады. Ол адам шығыны жоқ, көпқабатты үйдің подъезі мен бірнеше жеке үй бүлінді дейді.

Брянск облысының басшылығы екі ауылға шабуыл жасалғанын, бір үй өртенгенін мәлімдеді.

Соғыс уақытында мұндай мәлімдемелерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

Ресейдің Украинамен шектесетін облыстарының биліктері кейінгі кезде шабуыл жайды жиі хабарлап жүр. Мәскеу бұл шабуылға Киевті айыптайды. Украина билігі бұған дейін біздің мақсатымыз Ресейді шабуылдау емес, жерімізді Ресей әскерінен босату деген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG