Accessibility links

АҚШ басты геосаяси қарсыластарын ядролық соғысқа жол бермеуге үндеді


Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан
Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан 2 маусымда АҚШ-тың басты геосаяси қарсыластарын ядролық соғысқа қарсы жүйеде қалыптасып отырған "жағдайды түзеуге" шақырды. Бұл жөнінде Reuters жазды.

"Ресей мен Қытайдың ядролық қуатын тежеу үшін АҚШ-қа ядролық потенциалын арттырудың қажеті жоқ" деді Салливан. Оның сөзінше, Ресей 2010 жылғы ядролық қаруды қысқарту және шектеу жөніндегі келісім шарттарын орындаса, Вашингтон аталған құжат шарттарын 2026 жылы күші аяқталғанға дейін сақтауға дайын. Ақ үй кеңесшісі "АҚШ қаруды бақылау бойынша келіссөзді Мәскеумен де, Пекинмен де жүргізуге күш салады" деді.

Пентагон 2035 жылға қарай Қытай ядролық арсеналын үш есеге ұлғайтып, 1500 оқтұмсыққа дейін жеткізеді деп болжайды.

Украинаға қарсы соғыста "ядролық қару қолданамын" деп қоқан-лоқы жасайтын Ресей ақпан айында ядролық қаруды қысқарту және шектеу жөніндегі келісімнен шығатынын мәлімдеген.

1 маусымда АҚШ Ресейге келісім талаптарына байланысты ескерту-хабарлама жіберуді тоқтатты.

Ядролық қаруды қысқарту және шектеу жөніндегі соңғы келісім стратегиялық ядролық оқтұмсықтар санын 1550-ден асырмауды қарастырады. Құжат сонымен бірге құрлықүсті және суасты ркеталарын 700-ден асырмауды да міндеттейді.

XS
SM
MD
LG