Accessibility links

Үндістанда пойыз соқтығысып, кемі 288 адам қаза болды. Тоқаев жеделхатпен көңіл айтты


Пойыз апаты.
Пойыз апаты.

Үндістанның Одиша штатында екі жолаушы пойызы соқтығысып, кемінде 288 адам қаза болып, мыңнан астам адам жараланған. Бұл жөнінде News18 India агенттігі жазды.

Оқиға 2 маусымда кешке Калькутта қаласынан 220 шақырым жерде болған. Бір пойыздың ондаған вагоны рельстен шығып, олардың бөлшектері басқа пойыз келе жатқан жолға шығып кеткен. Нәтижесінде іргелес жолдағы пойыздың үш вагоны да рельстен шығып кеткен. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, апаттан тауар пойызы да зардап шеккен.

Апат орнында құтқарушылар түні бойы жұмыс істеген. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди зардап шеккендер мен қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Сенбі күні Одиша штатында қаралы күн жарияланды.

Қаза болғандар саны жағынан апат Үндістан тарихында үшінші орында тұр. Жыл сайын елде жүздеген темір жол апаты болады. Көп жағдайда оған адам факторы немесе ескі сигнал құрылғысы кінәлі деп айтылады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусымда Үндістан премьері Нарендра Модиге көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендер тезірек сауығып кетсін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз" деп жазылған жеделхатта.

XS
SM
MD
LG