Accessibility links

Байден АҚШ-тың мемлекеттік қарызының шегін ұлғайту туралы заңға қол қойды


Джо Байден
Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік қарыздың шегін арттыру туралы заңға қол қойды. Құжат бойынша, 2025 жылдың қаңтарына дейін қарыз шегі болмайды, кейін қарыз алу көлемі ұлғайтылуы мүмкін. Заң АҚШ-ты кемінде жарты ғасыр ішіндегі алғашқы дефолттан құтқарған.

Құжатқа қол қойылғанға дейін қарыз шегі 31,4 трлн доллар болған. Құжат қабылданбағанда АҚШ қаржы министрлігі үкіметті қаржыландыру мүмкіндігінен айырылған болар еді.

Жұма күні Байден Ақ үйдегі кабинетінен алғаш рет халыққа мәлімдеме жасады: мұндай мәлімдеме әдетте өте маңызды мәселеге арналып жасалады. Ол демократтар мен республикашылдардың заң жобасы бойынша келісімге келе алғаны АҚШ-ты "дағдарыстан құтқарды" деді.

"Тараптардың ешқайсысы қалағанына жете алған жоқ, есесіне Америка халқы керегін алды" деді президент.

Қарыз шегі іс жүзінде келесі президент инаугурациясына дейін болмайды. 2024 жылы АҚШ-та президент сайлауы өтеді, оған Байден де қатысатынын мәлімдеген. Республикалық партия әзірге кандидатын анықтаған жоқ.

XS
SM
MD
LG