Сенбі күні кешке және жексенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаның Днепропетровск облысындағы Подгородное қаласына ракетамен соққы жасады. Екі көп қабатты және 10 жеке үй жартылай қираған. Жексенбі күні таңертең құтқарушылар үйінді астынан 2 жасар қыздың денесін алып шықты, деп хабарлады Днепропетровск облысының әкімшілігі Сергей Лысак. 22 адам зардап шеккен, бесеуі - бала.
Днепропетровск облысында Никополь қаласы да атқылауға ұшыраған, қаза болғандар жоқ.
Жексенбіге қараған түні Киев қаласы да ракета және дронмен атқыланған. Қаланың әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попко ракеталар Каспийден ұшырылған Ту-95МС шабуылдаушы ұшақтардан жіберілгенін айтты. Попко барлығын украин күштері атып түсіргенін хабарлады.
"Астанаға бірде-бірі жеткен жоқ. Қалаға бағытталғанын әуе қорғанысы алыста келе жатқанда-ақ жойып тастады. Екінші түні Киев тұрғындары жарылыс естіген жоқ. Әуе қорғанысына шын жүректен алғыс" деді Попко.
Жексенбіге қараған түні Украинаның барлық аймағында әуе дабылы іске қосылған.
Мамырдан бері Украина астанасы ракета және дрон шабуылдарына жиі ұшырап келеді. Ресей жағы азаматтық нысандарға соққы жасағанын мойындамайды.
ПІКІРЛЕР