Accessibility links

Песков: Ресей "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" туралы Бішкек жаңалықтарын мұқият қарап отыр


Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Ресей Қырғызстандағы мемлекеттік төңкеріске талпыныс туралы ақпаратты мұқият қарап отырғанын" мәлімдеді. Бұл ақпаратты "Вести.ru" таратты.

"Әзірге алаңдататын жаңалықтар түсіп жатыр. Сондықтан барлық жаңалықты мұқият қадағалап отырмыз" деді Песков.

Песковтың сөзінше, "Кремльдің қолында бұл мәселені бүге-шігесіне дейін талдап түсіндіретіндей ақпарат жоқ".

5 маусымның таңында интернетте Бішкекте билікті күшпен басып алмақ болды деген күдікке ілінген адамдар жаппай ұсталып жатқаны туралы видео жарияланған. Алайда Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұл жағдайға байланысты ресми ақпарат таратпаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG