Accessibility links

Қырғыз арнаулы қызметі "төңкеріс жасамақ болған топ" жөнінде ақпарат таратты


Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдында тұрған полиция қызметкерлері.
Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдында тұрған полиция қызметкерлері.

Маусымның 6-сында Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті "билікті күшпен басып алмақ болып" ұсталғандар туралы ақпарат таратты.

Арнаулы қызметтің хабарлауынша, "бір том азамат бір жыл бойы дайындалып, елдегі билікке қатты наразы адамдарды жинаумен шұғылданған. Негізгі ұйымдастырушысы және "идеялық дем берушісі" – Н.Р.С. деген азамат пен "Элдик кеңеш" саяси партиясының төрағасы.

Тергеу мәліметіне қарағанда, олар елдің әр аймағынан жүздеген адам тартып, атқаратын рөлдерін белгілеп берген. "Олар елде қандай да бір оқиға болып, қоғам наразылық білдірер сәтті күткен" дейді арнаулы қызмет хабарында.

5 маусымда "ұйымдасқан топ" мүшелері ұсталған. Қырғызстан әділет министрілігінің мәліметіне қарағанда, "Элдик кеңеш" партиясының төрағасы Нұрматова Роза Сарлыққызы 2012 жылы сол кездегі депутат, қазіргі президент Садыр Жапаров пен қазір арнаулы қызметті басқарып отырған Қамшыбек Тәшиев бастаған митингіге қатысқан. 2012 жылы Садыр Жапаров пен Қамшыбек Тәшиев жақтастарының штабын басқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG