Accessibility links

Алматыда қырғыз кәсіпкері екі айға қамалды


Ермек Марқабаев.
Ермек Марқабаев.

Қырғыз азаматы, Алматыдағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасары Ермек Марқабаев екі айға тергеу абақтысына қамалды. Бұл жөнінде Қырғызстанның Алматыдағы бас консулы Назарәлі Әріпов мәлімдеді.

– Қазір адвокат жұмыс істеп жатыр. Бас консулдық Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне нота жіберген. Марқабаевтың өзімен кездесуді қарастырып жатырмыз. Туыстарымен жолықтық, толық мәлімет алдық, – деді бас консул.

Марқабаев Алматы – Бішкек тасжолында 2 маусымда ұсталған.

3 маусымда Қазақстанның ішкі істер министрлігі Telegram-дағы арнасында оған есірткі, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүрді деген айып тағылғанын хабарлаған.

"Алтын Орда" базарының әкімшілігі полицияға сүйеніп таратқан мәліметте тек қару-жарақ туралы сөз болған.

Интернетте Марқабаевты қарулы күш тобы ұстап жатқаны түсірілген видео тараған. Жанындағы әйел есірткі затын біреу Марқабаевтың қалтасына әдейі салып жібергенін айтып жатыр.

Марқабаевтың Алматыдағы бизнесі бұрынғы билік тұсында тартып алынғаны, былтыр сот арқылы қайтарып алынғаны және ол кәсібін жаңартып жатқаны айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG