Accessibility links

Украина әскері елдің шығысында қызу шайқас жүріп жатқанын хабарлады


Ресей әскері Украинаның шығысында Донецк және Луганск облыстарын тұтас бақылауға алуға күш салып жатыр. Украина әскері 10 маусымда кешке осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский украин күштері қайта шабуылға шыққанын мәлімдеген.

Украина қарулы күштері бас штабының хабарлауынша, 10 маусымда Украина шығысында 28 шайқас болған және украина күштері Ресей әскері шоғырланған пунктерге әуеден 15 соққы жасаған. Ал Ресей армиясы әуеден 66 соққы жасап, ракета кешенімен 39 шабуыл жасаған.

"Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар арасында қаза болғандар мен жараланғандар бар, жеке үйлер мен өзге де азаматтық және әкімшілік инфрақұрылым қираған және бүлінген" деді Украина қарулы күштерінің бас штабы 10 маусым кешкі хабарламасында.

Соғыс жағдайында шайқастар туралы ақпаратты тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

Зеленский сенбі күні ертерек Украина күштерінің қайта шабуылы жүріп жатыр деп мәлімдеп, бірақ жай-жапсарына тоқталмаған еді. Киевте Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен бірігіп өткізген баспасөз конференциясында Зеленский журналистерден Путинге "украин генералдарының "барлығының көңіл-күйі жақсы" екенін жеткізуді сұраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG