Accessibility links

Постсоветтік елдер ішінде халық саны жағынан Өзбекстан екінші орынға шықты


Ташкент қаласының базарында тұрған сувенир мүсіндер. Өзбекстан, 28 қараша, 2019 жыл
Ташкент қаласының базарында тұрған сувенир мүсіндер. Өзбекстан, 28 қараша, 2019 жыл

Ресей күшпен басып кірген соң, Украина халқының саны күрт азайып, постсоветтік елдер арасында Өзбекстан екінші орынға шықты. Бұл мәліметті BNE Intellinews басылымы таратып отыр.

2000 жылдардың бас кезінде халқының саны 45 миллионға жеткен Украинада соғыс салдарынан қазір адам саны 29 миллионға азайған. Соғысқа дейін Украина халық саны бойынша Ресейден кейін (шамамен 146 миллион адам) екінші орында тұр еді.

Биыл маусым айында Өзбекстан халқының саны 36 миллион адамнан асқан. Мақалада Өзбекстан постсоветтік елдер арасында ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан ел деп көрсетілген.

2022 жылы Өзбекстан халқының орта жасы 29,1 болса, бір әйелге шаққанда туу саны 2,33 бала болған. Соның есебінен 2021 жылдан 2022 жылға дейінгі арада халық саны 1,6 пайыз өскен.

БҰҰ есебіне қарағанда, Ресейдің соғыс ашуына байланысты Украинаның 8 миллион адамы отанын тастап кетуге мәжбүр болған. Олар оралса, Украина халық саны жөнінен постсоветтік елдер арасында қайтадан екінші орынға шыға алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG