Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сейсенбіде Майами сотына барады


Дональд Трамп үйінен табылған құұпия құжаттар.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 13 маусымда Майами сотына барады. АҚШ-тың федерациялық судьясы 9 маусымда Трампқа тағылған 37 пункттен тұратын айыпты жариялаған. Трамптың үстінен "құпия құжаттарды заңсыз сақтады", "2021 жылы Ақ үйден кеткендегі ісіне байланысты сотқа кедергі жасады" деген айыптар бойынша іс қозғалған. Бұл жөнінде Америка баспасөзі жазды.

Тағылған айыптардың ішінде ұлттық қорғанысқа қатысы бар мәліметтерді заңсыз иеленді деген пункт бар. Федерациялық прокурор Трамп Флоридадағы үйінің қуыс-қуысына ондаған құпия құжатты тыққан деп мәлімдеді. Трамп "Орталық барлау басқармасы қызметкерлері мен ұлттық архив туралы құпия мәліметтерді қайтарудан бас тартты" деп те айыпталған.

Трамп қылмыстық іс бойынша осымен екінші рет сот алдына барғалы тұр. NPR бұл іс Трамптың саяси шырғалаң жолындағы жаңа бетбұрыс болуы мүмкін деп жазған. Президентттің сайлау кампаниясы жақындаған сайын Трампқа тағылған айып көбейіп барады.

Трамп қылмыстық істе ресми түрде күдікті деп танылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG