Accessibility links

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған адамның тракторы табылған


Абай облысындағы өрт. 8 маусым, 2023 жыл
Абай облысындағы өрт. 8 маусым, 2023 жыл

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған тракторшының тракторы табылған, өзі жоқ. Бұл туралы 12 маусымда кешкісін жергілікті БАҚ облыстық полиция департаментіне сілтеп хабарлады.

Абай облысының полиция департаменті Бесқарағай ауданы Долон ауылының 36 жастағы тұрғыны Сергей Архиповті екі тәуліктен бері іздеп жатқанын хабарлаған. Архиповтен 10 маусымнан бері хабар болмаған.

"12 маусымда Дмитриевка селосынан бес шақырым жерде, Бородулиха ауданының Ауыл станциясына қарай тасжолдан 1 шақырым тұстан трактор табылды. Трактор бұзылмаған. Архиповтің өзі іздестіріліп жатыр" деп хабарлады полиция департаменті.

Бұған дейін "Семей орманы" табиғи қорығы бөлімшесінің қызметкері Сергей Архипов 9 маусымда өрт сөндіруге шығып, хабар-ошарсыз кеткені мәлім болған.

Өткен аптадан бері Абай облысының Бородулиха ауданында мыңдаған гектар орман өртеніп жатыр. Өрт кезінде 14 адам қаза болған.

12 маусымдағы ақпаратқа қарағанда, өрт әлі де тоқтамаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG