Accessibility links

BBC зерттеуі: Украинада Ресей жағында соғысқан Орталық Азия елдерінің 93 азаматы қаза болған


Украинадағы соғыста опат болған Тәжікстан азаматын жерлеу рәсімі.
Украинадағы соғыста опат болған Тәжікстан азаматын жерлеу рәсімі.

Украинада Ресей жағында соғысқан Орталық Азия елдерінің кемі 93 азаматы қаза болған: 19-ы – Қырғызстанның, 34-і – Өзбекстанның, 40-ы – Тәжікстанның азаматы. BBC-дің Орыс қызметінің зерттеуінде осындай дерек айтылады.

Материал Ресей түрмелерінен "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы арқылы соғысқа жіберілген еңбек мигранттары туралы болған. Автор еңбекте Ресейде түрлі қылмыс бойынша сотталып, түрмеге түскен, кейін түрмеден Украинадағы соғысқа жіберілген бірнеше қырғыз азаматы туралы айтады.

Қазір Ресей түрмелерінде мыңнан астам қырғыз азаматы бар деп айтылады. Кейбірінің туыстары Қырғызстан билігінен жақындарын туған елдеріне тезірек ауыстыруға көмектесуді сұраған.

Бұған дейін Азаттықтың Қырғыз редакциясы Ресей түрмелерінде жазасын өтеген және Украинадағы соғыста қаза болған сегіз қырғыз азаматының аты-жөнін анықтаған. Жетеуі Қырғызстанда жерленген, сегізінші азаматтың сүйегі Мәскеу облысындағы "вагнерліктердің" зиратына қойылған.

Ресей түрмелерінде отырған қанша қырғыз азаматы соғысқа жіберілгені белгісіз. Осындай азаматтардың туыстарының сөзіне қарағанда, қырғыздар арасында аты-жөні славян өкілдері сияқты жазылып, Украинадағы соғысқа аттанғандар да бар.

XS
SM
MD
LG