Accessibility links

НАТО елдері қорғаныс жоспары бойынша келісімге келе алмады


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, Брюссель, 16 маусым 2023 жыл.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, Брюссель, 16 маусым 2023 жыл.

НАТО елдерінің қорғаныс министрлері 16 маусымда Ресейдің әскери талпыныстарына қарсы тұру жоспары бойынша ортақ келісімге келе алмады. Дипломаттардың бірі Reuters тілшісіне келісімге Түркия делегациясы қарсы болғанын айтты.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг министрлер екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері алғаш рет Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты ортақ қорғаныс жоспарын қарастырғанын айтты. Оның сөзінше, Брюссельдегі екі күндік кездесуде осы жоспар бойынша ортақ келісімге ұмтылыс талпыныстары ғана болған.

Алайда дипломаттардың бірінің айтуынша, Түркия ортақ келісімде географиялық атаулардың дұрыс жазылмағанын, атап айтқанда Кипр картасында бірқатар топонимдердің жазылуына наразы болып, келісімді мақұлдаудан бас тартқан. Мәселенің шешімі шілде ортасында Вильнюсте өтетін НАТО саммиті қарсаңында табылуы мүмкін.

Аймақ жоспары деп аталатын бірнеше мың беттен тұратын құпия құжаттарда Ресей шабуылдаған жағдайда НАТО-ға мүше елдердің әрекетінің жай-жапсары жазылған.

НАТО-ның әскери қимыл жоспары жобасының пайда болуын Reuters "фундаментал ілгерілеушілік" деп атады. Reuters-тің жазуынша, НАТО солтүстікатлантикалық одақ елдері Ауғанстан мен Ирактағы ауқымы кіші әскери компанияларға қатысқан кезде де мұндай жоспарды жасамаған.

XS
SM
MD
LG