Accessibility links

Каховка СЭС-індегі су апатынан өлгендер көбейе түсті


Голая Пристань қаласында өлгендердің мәйіті
Голая Пристань қаласында өлгендердің мәйіті

Каховка СЭС-індегі су апатынан өлгендер көбейіп барады. Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко Кахаовка СЭ-сіндегі жарылыстан 17 адам өлгенін, 13-і суға батып, 4 адам эвакуация кезінде оқ тиіп өлгенін хабарлады. 31 адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл мәліметтер Украинаның бақылауында жатқан Днепрдің оң жағасы жөнінде. Куәгерлер сөзінше, Украина төтенше қызметі Ресей әскерінің бақылауындағы сол жағалаудан да өз азаматтарын құтқарумен айналысқан. Украина билігінің хабарына қарағанда, 11 маусымда эвакуация кезінде 3 адам Ресей солдаттарының оғына ұшқан.

Днепрдің оң жағасындағы 876 үй әлі де су астында жатыр. Барлығы 3,5 мың адам эвакуацияланған.

Ресей басып алған Днепрдің сол жағасында су астында қалған аумақ үлкенірек, соған байланысты адам да көбірек.

Херсон облысының Ресей тағайындаған үкіметінің басшысы Андрей Алексеенко жексенбі күнгі хабарында 35 адамның өлгенін айтты. Екі жақтың мәліметін қосқанда өлгендер 50-ден асқан.

Жексенбі күні Reuters агенттігі су астында қалған Голая Пристань қаласының фотосуреттерін жариялады. Қала Ресей бақылауында тұр. Еріктілер бұған дейін Ресей билігі халықты эвакуациялай алмағанын жазып, өлгендер санын жасыру үшін қаланы карантинге жауып тастады дейтін болжам айтқан.

  • Каховка СЭС-і 6 маусымға қараған түні жарылып, Днепрдің қос жағасындағы 50-ден астам елдімекенді топан су алған. Украина билігі СЭС-ті Ресей қасақана жарды деп есептейді.
  • Херсон облысының 600 шаршы шақырымнан астам аумағы су астында қалған. Оның 30 пайызы Днепрдің оң жағында, қалғаны Ресей бақылап отырған сол жағында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG