Accessibility links

Алматы белсенділері орнатқан "Шындық" ескерткіші алынып қалды


"Шындық" ескерткіші. Фотосурет Rukh2k19 телеграм-арнасынан алынды
"Шындық" ескерткіші. Фотосурет Rukh2k19 телеграм-арнасынан алынды

Qazaq koktemi арт-қозғалысының белсенділері Алматыдағы Панфилов көшесінде "Шындық" деп аталатын мемориал орнатты. Бұл туралы ақпаратты Rukh2k19 тобы әлеуметтік желілердегі парақшасына жариялады.

Мемориалда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған, олардың арасында қаза болған оппозициялық саясаткерлер мен белсенділердің есімдері, елдегі қайғылы оқиғалар жазылған.

Ескерткіштің екінші бетінде "халыққа атылған оқ, шіріген билік тоқ, ұрпаққа қалғаны шоқ" деген ірі жазу бар.

Белсенділер Rukh2k19 телеграм арнасына "Абай облысындағы өрт 15 адамның өмірін қиды. Қорлыққа да, зорлыққа да көнген халық.Коронавирус кезінде дәріге бөлінген ақшаны ұрлаған билік. Таразда, Арыста оқ-дәрі қоймаларында жарылыс кезінде, көмекке жіберген ақшаны ұрлаған билік. Өз халқына Жаңаөзен мен Қаңтар кезінде оқ жаудырған билік.Отыз жылда бірде бір әділетті сайлауға жол бермеген, халыққа өз арасынан әкімдерін, депутаттарын сайлауға жол бермеген билік. Журналисттерді, саясаткерлерді, қарапайым халықты қудалаған билік.Тағы қанша адам қанішер, тойымсыз, жемқор жүйенің құрбаны болмақ?" деп жазған.

Алайда көп ұзамай "Шындық" ескерткіші алынып қалған. Ескерткіш маңын полиция торуылдап жүргені байқалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG