Accessibility links

Өзбекстан биыл қазан айынан бастап Ресей газын сатып алады. Газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді


Өзбекстан биыл 1 қазаннан бастап, Ресейден тәулігіне тоғыз миллион текше метр газ ала бастайды. Жылдық импорты шамамен 2,8 миллиард текше метр болады. Бұл ақпаратты Өзбекстан энергетика министрлігі таратты.

Екі жылға арналған келісімге екі ел былтыр қазан айында қол қойған. Өзбекстан энергетика министрлігі газ бағасы аймақтағы рынок бағасымен есептелетінін айтқан.

Былтыр қарашаның соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Өзбекстан, Ресей арасында газ одағын құру туралы ұсыныс айтқаны жөнінде сөз еткен. Өзбекстан энергетика министрі Мырзамахмұдов Қазақстан арқылы Ресей газын тарту туралы келіссөз жүріп жатқанын, бірақ техникалық келісім екенін, одақ еместігін айтқан.

Өзбекстан жылына 52 млрд текше метр табиғи газ өндіреді, 2,7 миллиардын экспорттап, 4 миллиардын импорттайды.

Азаттықтың Өзбек редакциясы биыл ақпанда "Газпроммен" байланысы бар адамдар қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің кезінде Өзбекстанның жүздеген газ және мұнай кеніштеріне бақылау орнатқанын анықтаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG