Accessibility links

Агенттік "Қазақстан барысының" шығынын тексереді. Турнир авторы Арман Шораев мұны азаматтық ұстанымымен байланыстырады


"Қазақстан барысы" турнирі. Көрнекі сурет.
"Қазақстан барысы" турнирі. Көрнекі сурет.

Қаржы мониторинг агенттігі "Қазақстан барысы" турниріне бюджеттен бөлінген миллиард теңгеден астам қаражаттың қаншалықты заңды жұмсалғанын тексереді.

Ведомствоның хабарлауынша, қазір жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында мердігер құрылым өкілдері мен басшылары тергелген, тінту жүрген, құжаттар тексерілген.

Агенттік "тергеу құпиялылығын" алға тартып, іс бойынша басқа ақпаратты айтпады.

Ал "Қазақстан барысы" турнирінің авторы Арман Шораев 20 маусымда Facebook парақшасында Қазақстан билігі оған және жақтастарына қысым жасай бастағанын жазды. Ол көптеген жобаны бірге жүзеге асырған әріптестері "заңсыз қудалауға ұшырағанын" жазды "Кейбірін заңсыз тінтіп жатыр" деп жазды Шораев.

Шораев өзіне азаматтық ұстанымына байланысты қысым жасалып жатыр деп санайды.

Қоғам белсендісі, мәжіліс депутаттығынан үміткер болған, бұрынғы медиаменеджер Арман Шораев 2000-жылдары бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қызы Дариға Назарбаевамен байланысты құрылымдарда істеген. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі болды. Ол Украинаны қолдап, Ресейге қарсы көзқарастарымен танылған.

"Қазақстан барысы" турнирі қазақша күресті мемлекеттік деңгейде дамытуға бағытталған жоба.

XS
SM
MD
LG