Мәскеуде 92 жастағы физик Григорий Клинишов өлі күйде табылды. Ол советтік ең алғашқы екі сатылы РДС-37 термоядролық бомбасын жасап шығарған ғалымдардың бірі. Бұл жөнінде ТАСС агентігі жазды.
Жедел қызмет өкілдері агенттікке ғалым өзіне қол жұмсағанын айтқан. Клинишов жақындарына қоштасу хатын тастап кеткен.
Клинишов 1930 жылы туған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты 1962 жылы Ленин сыйлығының лауреаты атанған.
РДС-37 бомбасынан бөлек, ғалым келесі буындағы термоядролық зарядтың бірнеше түрін жасаған.
- РДС-37 термоядролық бомбасы 1955 жылы 22 қарашада Семей полигонында сыналған. Жарылыс толқынының салдарынан 59 елді мекендегі ғимараттар бүлінген. Ондаған адам жарақаттанған. 3 жасар бала мен бір әскери қызметкер қаза болған.
ПІКІРЛЕР