Accessibility links

Қытай ұшақ құрастыру жобасынан Ресейді шеттетті


2017 жылы Қытаймен бірігіп жүзеге асырыла бастаған CR929 кең корпусты лайнер құрастыру жобасы Ресейсіз жалғасады. Бұл жөнінде The Air Current хабарлады.

Бұған дейін Қытайдың Ресейді өз нарығына жібергісі келмейтіні, қалған нарықтың 70 пайыз үлесін ғана қалдырғысы келгендіктен жобаның тағдыры белгісіз екені айтылған.

Ресей өзінің бөлшек өндірушілерін ұсынған, алайда Қытай Еуропа мен АҚШ-қа ұшу кезінде көбірек қауіпсіз саналатын батыс тасымалдаушыларының өнімін алғысы келген.

2022 жылы маусымның соңында CR929 ұшағын құрастыру жобасына қатысты түсініктеме берген вице-премьер Юрий Борисов "Қытайдың біздің қызметтен бас тартуы жиіледі" деп мәлімдеген.

  • 2014 жылы Пекинге сапарында Ресей президенті Владимир Путин Қытаймен CR929 жаңа ұшағын құрастыру бойынша әріптестік орнату туралы келісімге қол қойған. Бұл авиация саласында Қытай мен Ресей арасында жасалған ең ірі келісім. Оның құны 50 млрд долларға бағаланған.
  • Жобамен ресейлік "Авиақұрылыс корпорациясы бірлестігі" және "Қытайдың коммерциялық авиация корпорациясы" айналысқан. CR929 ұшағы әуеге алғаш рет 2025 жылы көтеріледі деп жоспарланған. Екі моделі 2028 жылы пайдалануға берілуі тиіс болған.
  • Ресейдің Украинаға басқыншылығына жауап ретінде Еуроодақ Ресейге ұшақ бөлшектерін тасымалдауға, бұған қоса техникалық немесе сақтандыру қызметін көрсетуге тыйым салған. АҚШ авиация саласы тауарлар экспортын шектеп, ресейлік әуе компанияларының лайнерлеріне санкция салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG