Accessibility links

Алматы облысында қамыс өртеніп жатыр, министрлік 6 мың гектардан астамы сөндірілгенін хабарлады


Алматы облысы Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамыс өрті. Маусым 2023 жыл.

Алматы облысы Іле-Балқаш резерваты аумағында қамыс өртеніп жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, өрт аумағы 6200 гектар, бірақ қазір 150 гектарға дейін азайған. Қалғаны сөндірілген.

Министрлік әлеуметтік желіде жарияланған "космомониторинг" суреттері "өзектілігі жоғалтқанын" айтты. Ведомствоның хабарлауынша, қамыс машинаның баруы қиын батпақ жерде өртеніп жатқандықтан өрт сөндірушілер ол жаққа жаяу барған.

“Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрт таралмас үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ" деп жазылған хабарламада.

Жексенбі күні таңертең журналист Кирилл Павлов спутник деректеріне сүйене отырып, Балқаш көлі маңында өрт болып жатқанын және оның бүгін ғана өртеніп жатпағанын, биліктен ақпарат жоғын жазған. Журналист спутниктен түсірілген суреттерді де жариялаған. Ізінше министрлік хабарламасы пайда болды.

Министрлік спутник суреттерінің "өзектілігі жоғын" айтқанмен журналист суреттер 25 маусымда таңертең түсірілгенін, ол кезде өрт аумағы 4 мың гектар болып тұрғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG