Ақмола облысында Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары өлі күйде табылған. Облыстық полиция департаментіне сүйенген жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Тұрар Дүйсембиннің денесі 25 маусым таңертең Қылшықты өзені аумағындағы шұңқырдан табылған.
Демалыста болған Дүйсембиннің жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусымда түскен. Ол үйінен 20 маусымда кеткен. Іздеу-құтқару операциясы бір тәуліктен астам жалғасқан.
Ресми ақпаратқа қарағанда, марқұмның денесінде күш қолдану белгілері болмаған. Сараптама тағайындалғаны хабарланды.