Accessibility links

Блинкен: "Вагнер" жалдамалылары Путинге айрықша қатер төндірді


Энтони Блинкен
Энтони Блинкен

"Вагнер" жалдамалыларының Путин билігіне төндірген айрықша қатерінен кейінгі хаос әзірге аяқталмаған болуы мүмкін, әлі ұзақ уақыт тұрақсыздық сақталуы ықтимал. Бұл ойда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен айтқан.

Блинкен телеарнаға берген сұқбатында "23-24 маусымда Евгений Приогжин бүлігіне байланысты Ресейдегі жағдай бірер күннің жемісі емес" деп сөйлеген. "Менің ойымша біз Ресейдегі сызаттың одан әрі тереңдей түскенін көріп отырмыз. Путин алдағы апталар мен айларда шешуге тиіс көптеген мәселе бар", – дейді мемлекеттік хатшы NBC News эфирінде.

Блинкен қазіргі шиеленіс Мәскеудің Украинадағы әрекетіне ықпал етуі мүмкін деген. "Біздің назарымыз Украинада, өз-өзін қорғау мен өз жерін қайтаруға күші қайтаруға қажетті заттары жеткілікті екеніне сенімді болуға тиіспіз", - дейді Блинкен.

Бұған дейін Украина қорғаныс министрі Анна Маляр сенбі күні Украина әскері Донецк облысында бірнеше бағыт бойынша шабуылға шығып, барлығында алға жылжығанын жазған.

Ресей қорғаныс минмистрлігінің жексенбідегі хабарына қарағанда, Украина әскерінің көптеген шабуылына тойтарыс берілген. Кейінгі 24 тәулікте Бахмут төңірегінде 10 шабуыл қайтарылған.

АҚШ барлау қызметі жоғары лауазымды тұлғаларға "Вагнер" жетекшісі Евгений Пригожиннің Ресей қорғаныс министрлігінің басшыларын қызметінен кетіруді көздейтін жоспары туралы алдын ала айтқаны туралы бұған дейін The New York Times, Washington Post және CNN хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG