Accessibility links

Шемонаиханың жанармай бекетіндегі жарылыста күйген екі адам қайтыс болған


Шемонаиха жанармай бекетіндегі өртті сөндіру сәті. 22 маусым 2023 жыл

Шемонаиханың жанармай бекетінде газ баллоны жарылысында күйген екі адам қайтыс болған. "Қатты күйген екеуін дәрігерлер құтқара алмады" деп жазған жергілікті YK-news.kz басылымы.

"Денелері 100 пайызға жуық күйген. Мұндайда аман қалу қиын. Дәрігерлер 48 сағат әрекет жасағанымен, құтқара алмады",- дейді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жарылыста зардап шеккен тағы бір еркек пен әйелдің беті бері қараған. Олар орта деңгейде күйіп, ауруханаға түскен.

22 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы жанармай бекетінде газ баллоны жарылып, төрт адам күйген. Жарылыстан соң өрт шыққан. Өртті төрт техника жабылып өшірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG