"Агентство" басылымы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға тиесілі деп айтылатын Мәскеу маңындағы Рублево-Успенское шоссе ауданындағы сарай туралы суреттер жариялады. Басылым оны салған сәулет бюросының сайтынан суреттер тапқан.
Зәулім сарайда екі бассейн, бильярд бөлмесі және ірі ошақ бар. Соңғы айтылған зат диванмен қоршалған залға орналастырылған. Жиһаздарда Будда мүсіні бейнеленген. Интерьерді екі ірі аквариум толықтырып тұр.
Суреттер "ЛЕОНАРДО Проект" сәулет бюросының сайтында жарияланған. Басылым дереккөзі жоба авторын "Шойгу мен таныстарының сарай сәулетшісі" деп атаған.
Үйдің сыртынан түсірілген суреттер 2015 жылы Жемқорлықпен күрес қорының Шойгу отбасының үйлері туралы зерттеуде жарияланған еді. Ол кезде сарайдың құны 18 млн доллар деп айтылған. Жемқорлықпен күрес қорының мәліметінше, Шойгудың Барвихадағы сарайы мен айналасындағы жер телімінің аумағы 9 мың шаршы метр деп айтылады.
ПІКІРЛЕР