Accessibility links

БҰҰ: Ресей Украина аумағында 70-тен астам адамды өлтірген


Соғыс басталғалы бері Украинаның басып алынған аумағында Ресей кемінде 77 адамды өлтірген. 27 маусымда БҰҰ жариялаған баяндамада осындай мәлімет айтылады.

Баяндама авторларының айтуынша, өлтірілген 77 адамның бесеуі – әйел. Тағы бір адам "азаптаудан, қамау орнындағы адам төзгісіз жағдайдан немесе медицина көмегі берілмегендіктен" өлген.

Баяндамадағы мәліметтер 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2023 жылдың 23 мамыр аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында БҰҰ 800-ден астам адамның ұсталғанын растай алған.

Құжатта сонымен бірге Украинаның да 75 бейбіт азаматты жөн-жосықсыз ұстап, халықаралық құқықты бұзғаны айтылады, алайда бұл көрсеткіш Ресей өкілдерінің көрсеткішінен кемінде 10 есе аз.

БҰҰ мәліметі бойынша, Ресей Украинаға басып кіргелі бері Украинада 9083 бейбіт тұрғын қаза болған, 15 790 адам жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG